Мазмұнға өту

Жазу құралдары

2:56 · 6 тарау

Чаттағы құралдар мәтін жазуды жеңілдетеді. Бұл видеодан грамматиканы түзеу, перифраз жасау, академиялық дереккөздер табу және тақырыпқа идеялар алу жолдарын көресің.

Видеоның мәтіні

0:00 · Кіріспе

Эссе жазғанда грамматика немесе сөз саптау сияқты ұсақ-түйек жұмыс көп болады. Қазір чатта осындай төрт тапсырманы қалай істеуге болатынын көрейік.

0:10 · Грамматиканы түзеу

Абзацты көшіріп қоясың да, қателерін түзеп бер деп өз сөзіңмен жаза саласың. Ешқандай бөлек құрал немесе мәзір іздеудің қажеті жоқ. Карточкада оның атауы мен бағасы, яғни бір кредит деп тұр. Үтір, жалғау және септік сияқты төрт қатенің үшеуі жөнделді. Ал мәтіннің стилі сол күйі сақталды.

0:42 · Перифраз жасау

Енді осы мәтінді академиялық тілде қайта жазып бер деп сұраймыз. Мәтінді қайтадан көшіріп қоюдың қажеті жоқ. Referati сенің қай абзац туралы айтып отырғаныңды өзі түсінеді. Сөйлемдер академиялық стильде қайта құрылды, ал мағынасы сол күйі қалды. Бұған екі кредит кетеді. Әр карточкада көшіру түймесі бар.

1:17 · Дереккөз табу

Абзацтағы бір ойды дәлелдеу керек делік. Оны растайтын ғылыми мақалалар тауып бер деп жазамыз. Экранда іздеу басталғанын көрсететін таймері бар карточка шығады. Тізім дайын болғанша шамамен жүз елу секундтай уақыт кетті. Нәтижесінде екі дереккөз табылды. Онда мақаланың атауы, ағылшынша нұсқасының қазақша аудармасы, сайт пен сілтемесі тұр. Екеуінің де шыққан жылы, ал біреуінің авторлары көрсетілген. Бұл іздеуге үш кредит жұмсалды. Барлығын көшіру түймесі арқылы атаулар мен сілтемелерді бірден көшіріп алуға болады.

2:07 · Тақырып идеялары

Соңында жаңа чат ашып, эссенің негізгі тақырыбын жазамыз да, оған лайықты атаулар сұраймыз. Карточкада он түрлі тақырып ұсынылды. Әрқайсысының астында оның сандық немесе сапалық зерттеу екені жазылған. Бұл қызметке бір кредит кетеді.

2:45 · Қорытынды

Чатқа өзіңе не керегін еркін жаза берсең болады. Жұмысты тегін бастау үшін referati.ai сайтына кір.

Байланысты мақалалар

Әлі де көмек керек пе?

Чаттағы ассистент лезде жауап береді, әрі біздің команда барлық диалогты оқиды. Ал email-ға нақты адам жауап қайтарады.

Ассистент лезде жауап береді, қажет болса команда да қосылады.

support@referati.ai

Бір жұмыс күні ішінде адам жауап береді, көбіне одан да тез.